8 (729) 705-648
Өзге ұлт өкілдері жастарына арналған «Бірлік» пікірсайыс клубы

  Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ішінде «Бірлік» пікірсайыс клубы жұмыс істейді. Клубтың мүшелері, қазақ тілін жетік меңгерген басқа ұлыстардың жас өкілдері – мамандар, студенттер болып табылады.

  Клубты құрудың негізінде бірнеше мақсаттар жатыр. Мемлекеттік тілді еркін меңгерген жұмысшы жастарымыздың жақсы жақтарын қалыптастыру, біздің облысымыздағы орыс тілді халықтар арасында мемлекеттік тілді насихаттау және т.б. Клубтың құрамына 17-30 жас арасындағы жастар кіреді. Клубтың жұмысы жоспарлы түрде өтеді. Клуб отырыстарында біздің аймағымыздағы қазақ тілін оқыту мәселелері, жастар мәселесі және басқа өзекті тақырыптар талқыланады. Осылайша мемлекеттік тілде пікірсайысты өткізу ережелеріне сәйкес жастар пікірсайысты өткізуді үйренеді, осыған байланысты өздерінің тілдік құзыреттілігін көбірек жетілдіреді.

  Бүгінгі күнде олар 12 адам. Олардың бәрі іскер адамдар, бірақ олардың барлығы клуб отырыстарына қызығушылықпен қатысады, клуб өміріне белсене араласады, өйткені олар өз болашағын Қазақстанмен байланыстырады.