8 (729) 705-648
«Ұлы даланың ұлы тілі»

2018 жылдың 13 маусымында мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді меңгеруін, коммуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлғаларды анықтау мақсатында ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ШҚ лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың ұлы тілі» атты облыстық байқауы өтті.

         Биылғы сайыстың ерекшелігі: жаңа инновациялық, яғни  IT технологияның қолданылуы. Танымдық, логикалық сұрақтардан құрылған 1-ші «Тіл – бәйге» кезеңі «kahoot» әдісі арқылы өтіп, сайыскерлердің қызығушылықтарын оятып, белсенділіктерін арттырды. 2-ші «Тіл ұстарту» кезеңінде ата-бабамыздан қалған асыл мұрасы – салт-дәстүрлер туралы сұрақтар болса, «Тілтаным» кезеңінде латын қарпін пайдалана отырып, өздері туралы дұрыс ақпаратты жеткізе алуында болды. 4-ші және 5-ші кезеңдерде сайыскерлердің суырып салма шешендіктерін ұтқырлықпен пайдалана алуына байланысты тапсырмалар болып, сайысқа барлығы бақ сынаса қатысты.

Байқау нәтижесінде:

Бас жүлдені ШҚО Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бас маманы Қайыржанов Серік жеңіп алды.

         1-ші орын: ШҚО білім басқармасының бас маманы – Халенова Рауия.

         2-ші орын: ШҚО жер қатынастары басқармасының бас маманы – Болатұлы Дидар.

         3-ші орын: ШҚО жердің пайдалауы мен қорғалуын бақылау басқармасының бас маманы – Кучерова Зарина.

         Байқау соңында жеңімпаздар алғысхатпен марапатталып, сыйлықтарға ие болды.

2018-07-07 18:39:00