Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы негізінде ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ШҚ лингвистикалық орталығының бастамасымен облыстық, аудандық, қалалық тіл оқыту орталықтарында «Әдемі сөйле» шешендік шеберлік жобасы 2017 жылдан бастап жұмыс істей бастады.
Әдемі сөйлеу жобасына мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктерінің қызметкерлері, студенттер, қала тұрғындары қатысады. Курстың ұзақтығы - 72 сағат.
Жобаның мақсаты - мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, ересек тіл үйренушілерді көпшілік алдында сөйлеуге, өз ойын, пікірін қазақ тілінде еркін жеткізуге үйрету, тілге жетік тұлғаларды дайындап шығару.
Сонымен қатар, шешендік өнердегі қажетті дағдылар, іскерлік қарым-қатынас, спикерлік шеберлік және БАҚ-пен жұмыс, көпшілік алдында сөз сөйлеу шеберлігі, тыңдаушылар аудиториясын идентификациялау, модераторлық және фасилитаторлық шеберлік сынды дағдыларды жетілдіруге арналған жаттығулар, тәжірибелік тапсырмалар да қарастырылған. Курс соңында қатысушылар бұқара алдында өз ойын сауатты және емін-еркін жеткізуге үйренеді.
Онлайн аударма
Біздің сайтта сіз әрқашан онлайн аударма жасай аласыз. Толық оқу
Терминологиялық сөздіктер
Сіздер Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің termincom.kz мемлекеттік тіл порталында орналасқан электрондық терминологиялық сөздікті пайдалана аласыздар.