Орталық туралы

Орталықтың миссиясы

Шығыс Қазақстан облысының ересек тұрғындарының тілді меңгертуде инновациялық технологияларды қолдану арқылы лингвистикалық капиталын дамыту.

Мемлекеттік коммуналдық мекеме қызметінің мақсаты – мемлекеттік тіл саясаты аясында мемлекеттік және өзге де тілдерді қолдану және дамыту болып табылады.

Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін жүргізетін қызмет түрлері:

1. Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік және басқа қызметшілеріне, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметшілеріне, сондай-ақ ересек тұрғындарға қазақ, ағылшын тілдерін оқыту;

2. Оқытуды ұйымдастыру үшін қажетті материалдық-техникалық жағдайлармен, оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;

3. Оқытушылардың біліктілігін арттыру мақсатында ересектерге тілдерді үйрету әдістемесі бойынша ғылыми-практикалық семинарлар, курстар, вебинарлар, тренингтер, конференцияларды, байқауларды ұйымдастыру және өткізу.

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы

«Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

Кәсіпорынның құрылтайшысы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі

(бұдан әрі – Құрылтайшы) болып табылады.

Орталықтың жалға алып отырған жер көлемі: 

Қ. Қайсенов к-сі,121 үй, «Amanat» ШҚО  филиалы  ғимараты – 129,2м2

Штаттық кесте бойынша – 20,5  бірлік 

Орталықтың орналасқан жері:

Телефон: 8 (7232) 705-648, 8 (7232) 705-649

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 

Орталық директоры: Абзалова Асемгуль Мадениетовна