Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының және Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен басқарманың жылдық іс- шаралар жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 27 ақпан күні "Қазақ тілі-достықтың алтын көпірі" атты дөңгелек үстел өткізілді. Аталған шараға Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенттері мен ұстаздары қатысты.
Мақсаты- тіл мәдениеті қағидаттарына негізделген мемлекеттік тілді қолданудың сапалық деңгейін арттыру, қазақстандық бірегейлікті, толеранттылық пен өзара түсіністікті нығайту және дамыту.
Іс - шарада мемлекеттік тілді оқыту бойынша заманауи әдіс - тәсілдер көрсетіліп, шеберлік сыныбы өткізілді. Студенттер пікірталасқа қатысты.
Сонымен қатар мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға қосқан үлестері, қоғамдық келісім мен бірлікті, ұлтаралық ынтымақтастықты нығайтуға белсенді қатысқандары үщін бірқатар ұстаздар қауымы мен мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері орталық атынан алғысхаттармен марапатталды.
Іс- шараға ШҚО мәдениет басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Г.А.Казимова, Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының директоры А.Абзалова, орталықтың директор орынбасары-әдіскер Ырысты Райханқызы, оқытушы Серікбекқызы Балжан қатысты.
"Қазақ тілі-достықтың алтын көпірі" дөңгелек үстел
Просмотров: 79