14 наурыз - "Көрісу" мейрамы

Previous Next

14 наурыз - "Көрісу" мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті-пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Бұл күні тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені, "Көрісу" салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Бүгін орталықтың оқытушысы Желчубаева Г.Т тыңдаушылар арасында "Көрісу" күні аталып өтті. Іс-шараға А1 деңгей тыңдаушылары қатысып, өлең жырлар төгілді, шашу шашылды, құшақтасып көрісті.