Байқаудың басты мақсаты – оқытушылардың кәсіби шығармашылығын дамыту, мемлекеттік тілді оқыту үдерісін ілгерілету, сондай-ақ тәжірибе алмасу арқылы тиімді әдіс-тәсілдерді кеңінен насихаттау.
Байқау үш кезең бойынша ұйымдастырылды:
І кезең – «Менің жетістіктерім» (оқытушының жеке портфолиосы);
ІІ кезең – «Қазақ тілі сабағында заманауи технологияларды тиімді пайдалану» тақырыбында сабақ үлгісінің таныстырылымы;
ІІІ кезең – В2 деңгейіндегі сынама топқа тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары бойынша ашық сабақ өткізу.
Әділ қазылар алқасының құрамында:
– «Глубокое ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы М. Дарменқұлов;
– ШҚ лингвистикалық орталығының директоры Ә. Абзалова;
– директордың орынбасары Ы. Райханқызы;
– «Алтай ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ директоры Г. Рамазанова болды.
Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлде – Г. Жельменева (Черемшанка ауылы);
І орын – Р. Раисова (Винное ауылы);
ІІ орын – Г. Бекжанова (Бобровка ауылы), А. Адылканова (Перевальное ауылы);
ІІІ орын – Г. Маймерова (Алтайский кенті).
Жеңімпаздар арнайы мадақтамалармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Байқау қатысушылары жоғары кәсіби деңгейін көрсетіп, өзара тәжірибе алмасуға мол мүмкіндік алды. Бұл шара тіл оқыту саласындағы үздік тәжірибелерді насихаттауға және ұстаздар шеберлігін арттыруға зор ықпал етті.
Жаңалықтар
2026 жылғы 22 сәуірде Глубокое ауданының тілдерді оқыту орталығында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы» аудандық байқауы өтті
Қаралды: 1
