24-қарашада Алматы қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының табалдырығын ерекше тебіреніп аттап, институттың кітапханасы мен бөлімдерімен таныстық

Previous Next

Институт директоры Анар Фазылжан ілтипатпен қабылдады.Сонымен қатар институт директоры Анар Мұратқызы тіл саясатының дамуына қосқан үлесі үшін орталық директоры Әсемгүл Мәдениетқызына және патриоттық эссе жазу байқауының жеңімпазы ретінде орталықтың оқытушысы Ләззат Әскербекқызына ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының төсбелгісін тақты. Бұл- біз үшін зор мәртебе, үлкен жауапкершілік. Тіл білімі саласындағы еңбектеріңіз табысты болсын, ғылымның биік тұғырында болыңыздар!