Абай – адамзаттың рухани әлемі

Previous Next

21.04.2025 жылы ҚР Сот әкімшілігінің ШҚО бойынша департаментінде қызметкерлер арасында ұлы Абайдың әдеби мұрасын дәріптеу, классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, Абай шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген
сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ШҚ лингвистикалық орталығының қолдауымен «Абай – адамзаттың рухани әлемі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Қатысушылар ұлы Абайдың шығармашылығын, өлеңдері мен қара сөздерін оқып, философиялық ой-толғамдарын талқылады.

«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек», деп халық үшін еңбек еткен ұлы Абай шығармалары  оқу-ағарту ісінде, әдебиет, мәдениет, заң саласында, жалпы қай салада болмасын маңыздылығын ешқашан жоймайды.

Осы шараға уақыт бөліп, құнды мәлімет берген Лингвистикалық орталықтың ұжымына алғыс білдіреміз!