2025 жылғы 6 тамыз күні Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен -"KEGOC"АҚ "Шығыс ЖЭТ" филиалының қызметкерлеріне қазақ руханиятының алыбы, ұлттың ұлы ұстазы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай танымдық іс - шара өткізілді.
Іс- шара барысында екі мекеме басшылары тарапынан құттықтаулар айтылды.
Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріліп, викториналық сұрақ - жауап ұйымдастырылды.
Абай поэзиясына кеңірек тоқталып, Абай шығармаларына байланысты суреттер салынды.
Шара соңында Абай әндерін шырқаумен аяқталды.
«Адам бол!» деген асыл аманатын арқалап, әділеттілік, білім, еңбек, махаббат сынды асыл құндылықтарды дәріптеген ұлы Абайдың мұрасы — мәңгілік.
Баршаңызды Абайдың 180 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
Наследие Абая-вечная ценность нации
Жаңалықтар
Абай мұрасы – ұлттың мәңгілік мұнарасы
Қаралды: 10
