2022 жылғы 18 қараша күні Риддер қаласында Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы мен Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы ғалым, ұлт ұстазы
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынов - ұлт мұраты жолындағы ұлы тұлға» атты облыстық ғылыми -практикалық конференция өткізілді.
Конференцияға Шығыстың ғалымдары, қалалық, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, мамандары, тілдерді оқыту орталықтарының директорлары , БАҚ өкілдері қатысты.
Конференцияны Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Р.Төлемісова ашты.
Аталған іс -шарада С. Аманжолов атындағы ШҚУ қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к.
Сәкен Тоқанұлы Қасенов «Ахмет Байтұрсынұлы мұраларындағы алашшылдық», Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы директорының орынбасары Ырысты Райханқызы «Қазір жаңа деп танылған әдістемелердің көпшілігі Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінен бастау алады», - С.Аманжолов атындағы ШҚУ "Абайтану" ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Картаева Айжан Маратбекқызы «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш идеясы», Қатонқарағай ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының директоры Әлем Қалелханқызы Сүлейменова «Ахмет Байтұрсынұлы еңбектеріндегі жазу мәселесі», Риддер қаласы Д.Қонаев атындағы №3 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-эксперт Шолпан Далелқанқызы Қазиева «Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл - құрал» еңбегінің тіл білімі саласындағы орны», Риддер қаласының тілдерді оқыту орталығының директоры Құралай Каукөнқызы Садықова "А. Байтұрсынұлы еңбектеріндегі жазу мәселесі және бүгінгі латыннегізді қазақ жазуының төңірегіндегі сауалдар мен перспективалар" атты тақырыптарда құнды баяндамалар жасап, ой-пікірлерімен алмасты. Баяндама жасаушылар облыстық мәдениет басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.
Жаңалықтар
«Ахмет Байтұрсынов - ұлт мұраты жолындағы ұлы тұлға» атты облыстық ғылыми -практикалық конференциясы
Қаралды: 244