Біз қазақша сөйлейміз» акциясы

Previous Next

07 наурыз күні Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығында тыңдаушылар арасында «Біз қазақша сөйлейміз» акциясы өтті.
Мақсаты : Тыңдаушылардың қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету; қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; сұрақтарға тез, дұрыс жауап беруді меңгерту; сөзжұмбақтарды шешу арқылы тыңдаушылардың білімдерін шыңдап, ой-өрісін кеңейту; мемлекеттік тілге деген құштарлықтарын арттыру;
Халықтың сақталуы- тіліне байланысты. Тіл- халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін- келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін- ана тілі мен ата дәстүрі. Тіл байлығы -әр елдің мақтанышы. Ол -атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Сондықтан да әр адам ана тілін қадірлеуге міндетті.
Акцияға А1 деңгейіндегі тыңдаушылар қатысты.
Орталық тыңдаушылары қазақ тілінде сөйлеп, дайындалған материалдармен танысып, қазақ тілінде жауап беріп, өз пікірлерімен ой бөлісті. Қазақша әндер тыңдалып, қазақ тілінде мақал- мәтелдер ,әз наурыз мерекесіне арнайы құттықтаулар айтылды.
Акция мағыналы, мазмұнды, өз деңгейінде өтті.
Сабақты орталық оқытушысы Муканбаева Жұлдыз Бақытбекқызы өткізді.