Алғыс- сөздің асылы

Previous Next

03 наурыз күні Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығында тыңдаушылар арасында “Алғыс сөздің асылы» танымдық сабақ өтті.
Мақсаты : Мемлекеттік тілде сөйлеу азаматтық парызымыз деген патриоттық сезімді тыңдаушылардың бойларына сіңіре отырып, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
Танымдық сабаққа В1 деңгейіндегі 27943 әскери бөлім тыңдаушылар қатысып,белсенділік танытты.
Танымдық сабақта сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары, ойын, түсіндіру, әңгімелесу әдіс тәсілдері қолданылды.
Танымдық сабақ орталық директорының орынбасары Райхан Ы алғысымен басталды.Сабақты орталықтың оқытушысы Қайдарова Л.Ә жүргізді.
Талай тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған, ынтымақ пен бірліктің ортақ мекені Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күн 1 наурыз «Алғыс күні» орталықта ерекше аталып өтілді.