2026 жылғы 19–20 қараша күндері «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және 2026 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған мерзімді тексеру жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасында мерзімді тексеру жұмыстарын жүргізді.
Тексеру барысында мемлекеттік тілдің қолданылу аясы, іс жүргізу, құжат айналымы, көрнекі ақпарат пен өзге де бағыттар бойынша тіл туралы заңнама талаптарының сақталу жағдайы зерделенді. Сонымен қатар бірқатар заңнама талаптарына сәйкессіздіктер анықталды.
Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде тиісті ұсынымдар беріліп, оларды орындау мерзімдері белгіленді.
Мемлекеттік тіл туралы заңнаманың сақталуы – әрбір мемлекеттік орган мен ұйымның ортақ жауапкершілігі.
