«Тіл шебері» облыстық байқауы

Previous Next

Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы 2023 жылғы 7 сәуірде қазақ, ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгерген 21-35 жас аралығындағы жастар арасында «Тілшебері» облыстық байқауын өткізді. «Тілшебері» байқауының мақсаты - қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген қабілетті жастарға қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және жастар арасында тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық рухани бірлікті нығайту болып табылады. Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілген «Тілшебері» байқауына облыстың қалалары мен аудандарынан үміткерлер қатысты. Үш тілді жетік меңгерген 15 үміткер байқаудың «Елтаным», «Өнертаным» және «Сөзтаным» кезеңдерінде бақтарын сынады. Байқаудың қорытындысы бойынша Бас жүлдені Шаяхметова Дина Бейбітқызы Өскемен қаласының №42 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, І орынды –Бейсембинова Жанерке Айдосқызы Күршім ауданы Урунхайка негізгі мектебінің физика және ағылшын тілі пәні мұғалімі, І орынды- Құмашова Жадыра Мамырбекқызы Ұлан ауданының С.Аманжолов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі, ІІ орынды – Ниязбекова Айдана Ерланқызы Өскемен қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі, ІІІ орынды – Шәріпова Гүлжаз Бекболатқызы Өскемен қаласының №48 мектеп- қосымша білім беру орталығының ағылшын тілі пәні мұғалімі иеленді. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Қасенов Самат Берікболұлы жеңімпаздарды, қатысушыларды құттықтап, арнайы дипломдармен, алғыс хаттар мен және бағалы сыйлықтар мен марапаттады.