Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы мен Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен " Дәуірдің дара жұлдызы" атты ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 мерейтойына орай облыстық байқау өткізілді.
Байқауға облыстағы қалалық, аудандандық тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары қатысты.
Байқау нәтижесі бойынша бас жүлдені "Глубокое ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ " Тілдерді оқыту орталығы" КММ оқытушысы Дарханбаева Жазира Маратовна жеңіп алды.1 орын Ұлан ауданы " Тілдерді оқыту орталығы" КММ оқытушысы Акбердинова Лаура Алпысханқызы,2 орын Алтай ауданы әкімдігінің " Тілдерді оқыту орталығы" КММ әдіскері Абдрахманова Анар Еркінқызы, 3 орын " Шемонаиха ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ " Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы " КММ оқытушысы Касымова Арайлым Марияханова иеленді.