23 ақпан күні Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығында тыңдаушылар арасында «Біз қазақша сөйлейміз» акциясы өтті.
Мақсаты : Мемлекеттік тілде сөйлеу азаматтық парызымыз деген патриоттық сезімді тыңдаушылардың бойларына сіңіру, мемлекеттік тілді меңгеру арқылы ой - өрістерін дамыту.
Акцияға А1 деңгейіндегі тыңдаушылар қатысты.
Орталық тыңдаушылары қазақ тілінде сөйлеп, дайындалған материалдармен танысып, қазақ тілінде жауап беріп, өз пікірлерімен ой бөлісті. Қазақша әндер тыңдалып, қазақ тілінде мақал- мәтелдер айтылды.
Акция мағыналы, мазмұнды, өз деңгейінде өтті.Акция соңында белсене қатысқан тыңдаушыларға Алғыс хаттар табыс етілді.
Жаңалықтар
"Біз қазақша сөйлейміз" акциясы
Қаралды: 182