Дарын

Previous Next

2024 жылғы 11 шілде күні ШҚО мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Горная Ульбинка ауылында орналасқан «Дарын» лагерінде Глубокое аудандық тілдерді оқыту орталығының оқытушылары “Күн тәртібі” тақырыбында ойын-сабақ өткізді. Іс-шараның мақсаты: балаларға қазақ тілін ойын сабақтары арқылы тез, оңай және жеңіл меңгеруге мүмкіншілік беру. Бұл шара енді дәстүрлі түрде жалғасын табады.
Осындай тіл үйрету үйірмелері облыс аумағында орналасқан барлық балалар лагерлерінде ұйымдастырылуда.
Бабаларымыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» деп айтқан. Қазіргі таңда қазақ тілінде сөйлейтін жастар көбейгенін айта кеткен жөн.