Ерлікке тағзым - ұрпаққа тағылым

Previous Next

2025 жылғы 2 наурыз күні Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен Ұлттық Ұланның 5518 әскери бөлімінде Ұлы Абайдың 180 жылдығы, «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы», Конституцияның 30 - жылдығына арналған «Ерлікке тағзым - ұрпаққа тағылым» атты сарбаздармен және әскери қызметшілермен конференция өтті. Конференцияда ұлы Абай, әйгілі әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының шығармашылығы жайлы ақпараттар берілді.
Сарбаздар ҰОС жайлы жыр жолдарын жатқа оқыды.
Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мақсатында еңбек атқарып жүрген және әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысының әдістерін жетілдіргені үшін бірқатар қызметшілер орталық атынан Алғысхаттармен марапатталды.