2023 жылғы 23 тамыз күні ШҚО мәдениет басқармасының және Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдық мерейтойына орай «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» облыстық байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді азаматтарды ынталандыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдерін анықтау. Байқауға мемлекеттік тілді жетік меңгерген 18-35 жас аралығындағы этнос жастары қатысты.
Қазылар алқасының шешімі бойынша
Бас жүлде -Яковлева Анна Олеговна Глубокое ауданы Достық үйінің әдіскері;
1 орын- Колчина Мария Викторовна Өскемен қаласы, С.Аманжолов атындағы ШҚУ 3 курс студенті;
2 орын -Батырханова Кристина Викторовна -Ұлан ауданы, емхана қызметкері;
3 орын - Қақанова Мария Владимировна Үлкен Нарын ауданы;
3 орын -Гожамбердиев Рахмеджан Кожахметович, Катонқарағай ауданының жастар ресурстық орталығының SMM маманы.
Сонымен қатар Алғысхаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен Руденко Тимофей Валерьевич -ҚР ҰҚК ШҚ ШҚО бойынша департаментінің офицері және Родина Надежда Викторовна Шемонаиха ауданының Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп тәрбиешісі марпатталды.