2025 жылғы 27 маусымда Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының және Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен облыс көлемінде мемлекеттік тіл мәселесіне қоғамның назарын аударту, мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау жолында елеулі еңбек етіп жүрген тілшілер, сайт редакторлары, оқытушы- ғалымдар облыстық мәдениет басқармасы басшысының атынан Алғысхаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Олар:
-Әлімхан Айгүл Әсетқызы - С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
-Мұхамадиев Талғатжан Мұхаметбекұлы - Қазақстан Республикасының Президентінің телерадиокешеніне қарасты «Казинформ» халықаралық ақпарат агенттігінің ШҚ және Абай облыстары бойынша меншікті тілшісі;
-Есімханов Әділхан Болатханұлы – «Менің өлкем Риддер» газетінің бас редакторы;
-Жақсылықова Қарақат Жақсылыққызы - «Аltai» телеарнасының редакторы, «Жаңа Қазақстан» хабарының жүргізушісі;
-Мухамадиева Қымбат Оралханқызы - «Менің өлкем» газеті мен «Bugara kz» сайтының шығарушы редакторы;
-Аманкелді Әдемі Амантайқызы – «Шығыс Жаңалықтары» ЖШС, «Менің өлкем» газеті мен «Bugara kz» сайтының репортері.
Тілшілер жағымды жаңалығымен жұртшылықты қуанта берсін!
Баршаңызға шығармашылық шабыт, толағай табыс тілейміз!