Алтай қаласында «Инновациялық лингвистика: тіл орталығындағы жасанды интеллект серпіні» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының мерейтойлық X құрылтайында мемлекеттік тілді дамытуға қатысты жүктеген міндеттері аясында Шығыс Қазақстан облысының тіл саласының мамандары бас қосып, тіл оқыту жүйесіндегі өзекті мәселелер мен инновациялық бағыттарға тоқталды.
Қатысушылар тәжірибе алмасып, инновациялық технологияларды сабақ барысында қолданудың тиімді жолдарын талқылады.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту – ортақ міндет. Ал оны заман талабына сай оқыту – тіл мамандарының кәсіби жауапкершілігі.
