Тіл және тәуелсіздік - егіз ұғым» зияткерлік сайысы

Previous Next

2024 жылғы  12 желтоқсан  күні  Шығыс Қазақстан  облыстық мәдениет  басқармасының  және  Шығыс Қазақстан  лингвистикалық орталықтың    ұйымдастыруымен Тәуелсіздік мерекесіне  орай    «Тіл және тәуелсіздік - егіз ұғым»  зияткерлік  сайысы өткізілді.

Мақсаты - “Қазақстан Республика­сындағы тіл туралы” Заңды, Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру, қызметкерлердің тіл мәдениетін жетілдіру, моральдық және материалдық тұрғыдан көтермелеу,  мемлекеттік тіл саясатын насихаттау.  Аталған сайысқа  орталық тыңдаушылары  және  орталықпен  серіктестік жасаушы  мекемелер қызметкерлері  белсене  қатысты. 

Сайыс  қорытындысы  бойынша   жүлделі  орындар     келесідегідей   бөлінді:

 Бас  жүлде  - Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының оңалту орталығы»

1 - ші  орын - «Өскемен қаласы Полиция басқармасы»;

2 - ші  орын  -«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті»;

2 - ші  орын - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс Қазақстан облысы  бойынша департаменті;

2 - ші  орын - «Қазақстан  Республикасы Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті»;

3 -ші  орын -  Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты.

Жүлдегерлер  мен  жеңімпаздар  облыстық мәдениет басқармасы   атынан  дипломдармен  және  сыйлықтармен   марапатталды. 

         

Шығыс Қазақстан  облыстық мәдениет басқармасының

Шығыс Қазақстан  лингвистикалық орталығы