"Білім - бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста секілді, не істесе де келістіріп істейді" Ахмет Байтұрсынұлы. Келістіріп істер дүниеміз көп болсын!
Бүгін Талдықорғандағы Тіл сарайында өткен «Тіл үйретудің заманауи әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы өңірлік іс-тәжірибие алмасу семинары өз мәресіне жетті. Семинардың алғашқы күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының басшысы Фазылжанова Анар Мұратқызының "Қазақ тілінің бүгіні мен болашағы" атты баяндамасынан ерекше рух пен тың серпін алып, әріптесіміз Жанар Елесбаеваның өткізген сабағынан оқытушының шеберлігі мен тыңдаушының талпынысын байқадық. Семинардың екінші күні республикамыздың түкпір - түкпірінен келген тіл оқыту орталығының оқытушылары ізденіс пен шығармашылыққа толы, заманауи әдіс - тәсілдерді қолдана отырып ашық сабақ өткізді.
Жаңалықтар
Іс - шараны ұйымдастырған Жетісу облысының тілдерді дамыту басқармасына алғыс білдіреміз!
Қаралды: 168