Тілді оқыту процесінде жасанды интеллект, цифрлық технологияны пайдалану

Тілді оқыту процесінде жасанды интеллект, цифрлық технологияны пайдалану

2025 жылғы 26 қыркүйекте Шемонаиха ауданының тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен "Тілді оқыту процесінде жасанды интеллект, цифрлық технологияны пайдалану" атты облыстық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – мемлекеттік тілді үйретуде жаңа технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану жолдарын талқылау, озық тәжірибемен бөлісу.
Шараға өңірдегі тіл мамандары, оқытушылар, әдіскерлер және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.
Семинар барысында келесі мәселелер қаралды:
Жасанды интеллект платформаларын тіл үйретуде қолдану;
Цифрлық оқыту құралдары (QR тапсырмалар, онлайн тесттер, интерактивті жаттығулар);
Мұғалімдердің ІТ құзыреттілігін арттыру жолдары;
Электронды ресурстар мен мобильді қосымшалардың мүмкіндіктері.

Семинар соңында қатысушылар бірлескен талқылау жүргізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Шара қорытындысы бойынша әдістемелік ұсыныстар қабылданды.