Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, "Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы", айтыскер ақын, Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Тіл" оқу-әдістемелік орталығының басшысы Шалқарбай Ізбасаровтың шығармашылық кешіне қатыстық.

Руханият пен ұлттық сөз өнерін ұлықтаған мазмұнды кеште ақынның сырлы жырлары оқылып, шығармашылыққа қосқан сүбелі еңбегі кеңінен насихатталды.

Зиялы қауым өкілдері жүрекжарды лебіздерін білдіріп, кеш иесін құттықтады.

Іс-шара барысында ШҚО мәдениет басқармасы басшысы
С.Қасеновтың атынан құттықтау жолданып, мәслихат депутаты Аскерхан Ақтай сөз сөйледі, сондай-ақ Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы ұжымының атынан Шалқарбай Ізбасаровқа Алғысхат табысталды.

Осындай тағылымды кездесулер ұлттық руханиятты дәріптеп, ана тіліміздің қадір-қасиетін жас ұрпақтың санасына сіңіруге, рухани құндылықтарды ұлықтауға зор ықпал етеді