Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы мен Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен 27 қыркүйекте ШҚО Зайсан қаласында жазушы, аудармашы, драматург, әдебиет сыншысы, қоғам қайраткері, аудармашы, Халықаралық М.Шолохов атындағы сыйлықтың, Халықаралық Әдеби Қор сыйлығының, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның Халық жазушысы, ірі суреткер Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығына орай облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға ғалымдар, тіл мамандары, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Конференцияны Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының тілдерді дамыту, ономастика және мәдени мұра бөлімінің басшысы Г.Казимова алғысөзбен ашты. Конференция барысында С.Аманжолов атындағы ШҚУ қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Айымгүл Қамзақызы Сейпутанова “Заман тарихы мен ел тағдырының тамыршысы, классик жазушы - Ә. Нұрпейісов” М.Әуезов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Ардақ Какимовна Сағдолдина “Ә.Нұрпейісовтың кейіпкер характерін жасаудағы шеберлігі”, Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы директорының орынбасары Райхан Ырысты ““Қан мен тер»: ішкі әлемнің тартысы”, Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының оқытушысы Ләззат Әскербекқызы Ә.Нұрпейісовтың ““Қан мен тер" трилогиясындағы дәуір тынысы мен көркемдік әлемі”, Жарсу орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зертеуші Жадыра Келгенбайқызы Назарбекова “Ә. Нұрпейісов шығармаларында суреттелген үздік кейіпкерлер әлемі”, Риддер қаласы тілдерді оқыту орталығының аға оқытушысы Алия Кабылгазыновна Мухамадиева "Ә. Нұрпейісовтің шығармашылығындағы суреттеу тәсілдерін сабақта пайдалану", Біржан ауылдық кітпаханасының кітапханашысы Ғалия Күркебаевна Қасбаева «Қан мен тер» – қазақ әдебиетінің үздік шығармаларының бірі» тақырыбында баяндама жасады. Конференция соңында конференцияға қатысушылар жазушы шығармашылығана арналған кітап көрмесімен танысып, “Жастар поэзиясының” көркемсөз оқу өнері мен мерекелік сазды бағдарламаны тамашалады.
Жаңалықтар
Конференция
Қаралды: 95