«Конституция: Заң үстемдігі және қоғамдағы адам құқықтары» тақырыбында конференция

«Конституция: Заң үстемдігі және қоғамдағы адам құқықтары»  тақырыбында конференция

2025 жылғы  26 тамыз күні Шығыс Қазақстан  лингвистикалық орталығының  және ШҚО  мамандандырылған  ауданаралық   экономикалық  сотының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституциясының  30 -жылдығына  орай  «Конституция: Заң үстемдігі және қоғамдағы адам құқықтары» атты  конференция  өткізілді.

Конференцияның мақсаты – Конституцияның құқықтық, тарихи және саяси маңызын насихаттау, қоғамда заң үстемдігін нығайту және азаматтық сананы көтеру.

Аталған іс - шараға сот қызметкерлері, заңгерлер, Шығыс Қазақстан  лингвистикалық орталығының  қызметкерлері қатысты.

Конференция  барысында  ШҚО мамандандырылған  ауданаралық   экономикалық  соты  төрағасының  міндетін атқарушы Т. Тургамбаев,  Өскемен қаласының №2 сотының сот  төрағасының міндетін атқарушы С.Ибраев, Өскемен қалалық сотының судьясы  Ә.Хайруллинова, судья  А.Павкина, ШҚ лингвистикалық орталығының  директоры  А.Абзалова Конституцияның қоғамдағы орны мен даму тарихы жайлы баяндамалар жасады.
         Сонымен қатар, Заң саласындағы реформалар мен құқықтық мәдениет мәселелері талқыланды. 
        Шара соңында қатысушылар Конституцияның ел бірлігі мен тұрақтылығының негізі екенін атап өтті.

Іс-шара мазмұнды, жоғары деңгейде өтті.