2023 жылғы 08 тамыз күні _Өскемен қаласында "Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» облыстық байқауы" өткізілді. Байқаудың мақсаты— мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді этнос жастарын ынталандыру.
Байқаудың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы мен Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы.
Байқауға облыстың аудан/қалаларынан іріктеуден өткен, мемлекеттік тілді жетік меңгерген 18-35 жас аралығындағы этнос жастары қатысты.
Байқау 3 кезеңнен тұрды.
Бірінші кезеңде қазылар алқасы байқау қатысушылары ұсынған бейнематериалдарды бағалады.
Екінші кезеңде қатысушылар ұяшық таңдап, берілген тақырыпта ой толғады (3 минут).
Үшінші кезеңде қатысушылар мемлекеттік тілде «Ата Заңым — айбыным» тақырыбында эссе жазды (эссе көлемі А4 парақ, 250-300 сөзден тұрды).
Байқау қорытындысы бойынша 1-ші орынды Колчина Мария Викторна Өскемен қаласы,Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚ Университетінің 2 курс студенті, 2- ші орынды Левин Константин Анатольевич ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив»КММ Алтай филиалы
ауданы , 3-ші орынды Батырханова Кристина Владимировна ШҚО Өскемен қаласы,жүйке аурауларын емдейтін емхана, жүйке ауруы диспансерінің шаруашылық жұмыскері Ұлан ауданы иеленді.
Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Байқауға белсене қатысқан қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.
Байқаудың жеңімпазы