ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен және Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен Қызылорда қаласында "Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырудың тиімді тәжірибелері" республикалық семинар-кеңес өткізілді.
Семинар- кеңес тәжірибелік және пленарлық бөлімдерден тұрды.
Аталған іс -шараға Тіл саясаты комитетінің басқарма басшысы Қайыржан Алдашұлы Рахымжанов, тіл саясатын іске асыру мәселесіне жауапты өңірлік басқармалардың мамандары, тілдерді оқыту орталықтарының, ұлттық компаниялардың өкілдері, ғалымдар және т.б қатысты.
Тіл саясатына арналған семинар-кеңес – мемлекеттік тілдің дамуы мен қолданылу аясын кеңейту бағытында өткізіліп жатқан маңызды шаралардың бірі деп білеміз.
Мұндай басқосулар тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге және ортақ мақсат — мемлекеттік тілді қоғам өмірінің барлық саласында орнықтыруға үлкен серпін береді.
Шырайлы Шығыстан аталған шараға облыстық мәдениет басқармасының басшысы Самат Берікболұлы Қасенов, Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының директоры Әсемгүл Мәдениетқызы Абзалова қатысты
