Тілдің дамуы, өмір сүруі үшін ең басты шарт – сол тілде сөйлейтін адамдардың болуы.
Сондықтан, тілдік ахуалды реттеуде халық арасында насихат жұмыстарын жасап, мемлекеттік тілдің, яғни қазақ тілінің қолданысын кеңейтуге атсалысуымыз қажет.
Әсіресе халықтың жиі баратын, яғни кез-келген мәмілені жасау үшін баратын орны – *нотариустар.* *Нотариуста* қызметтер орыс тілінде ұсынылып, барлық құжаттар көбіне орыс тілінде толтырылады.
Себебі азаматтар талап етпейді, көбіне мән бермей нотариус ұсынған тілде құжаттарын қабылдауға үйренген.
Бүгінгі күні нотариустарға іс қағаздарды (сенімхат, шарт және т.б.) қазақ тілінде әзірлеу жұмыстарына әдістемелік көмек көрсетілуде. Осының нәтижесінде барлық жерде нотариалдық қызмет қазақ тілінде қызмет ұсынуға дайын деуге болады. *Ол үшін* *азаматтардың* *талап етуі шарт.*
Сондықтан, Құрметті тұтынушылар!
Қазақ тілінде сөйлейтін тілдік ортаны қалыптастыру – елдік, қоғамдық іс болғандықтан баршамыз осы іске бір кісідей атсалысып, өз үлесімізді қосайық.
Жаңалықтар
Мемлекеттік тілдің жағдайы Қазақстанды туған отаным деп сезінетін әрбір азаматты толғандырары сөзсіз.
Қаралды: 103