Меморандум

Previous Next

Өзара ынтымақтастық туралы

2024 жылғы 29 наурыз күні
Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты сот төрағасы м. а. Тұрғамбаев Төлеген тұлғасында бірінші тараптан, Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының директоры Абзалова Асемгуль Мадениетовна тұлғасында екінші тараптан («Тараптар» деп аталады), бірлескен қызметке мүдделілік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасында 2023-2029 жылдарға арналған тіл саясатын дамытудың тұжырымдамасын орындау мақсатында Өзара ынтымақтастық туралы осы меморандумды жасады.
Аталған меморандум аясында төмендегі шаралар жүргізілетін болады:
1.1. – Мемлекеттік тілде іс-шараларды бірлесіп өткізу;
1.2. – Лингвистикалық орталық тарапынан 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік тілді өзектендіру мақсатында байқау ұйымдастыру, экономикалық сот тарапынан байқауға қатысушыларды ұсыну;
1.3. – Мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша семинарлар, конференциялар өткізу;
1.4. – Лингвистикалық орталық тарапынан мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту бойынша тегін оқыту курстарын ұйымдастыру;
1.5. – Ақпараттық әдебиеттермен бірлескен алмасу;
1.6. – Мемлекеттік тілді дамыту мәселелерін өзара талқылау;
1.7. – Қолданыстағы заңнамада тыйым салынбаған ынтымақтастықтың өзге де нысандарын қолдану. Іске сәт!