22 қазан күні Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде Шығыс Қазақстан облыстық сотының мемлекеттік тілге жауапты маманы Асылжан Әділмұратова, Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің бас маманы Жанар Өтебаеваның қатысуымен "Менің республикам" тақырыбында семинар- сабақ өтті. Шараға орталық директоры А.Абзалова қатысып, құттықтау сөз сөйледі.Семинар барысында республика күнінің тарихы мен маңызы туралы айтылып, бұл күн тәуелсіздікке қадам басқан алғашқы құжат екені аталып өтті.
Жаңалықтар
Менің республикам
Қаралды: 29