«Ұлы даланың ұлы ақыны –Абай» атты іс – шара

Previous Next

2024 жылғы 9 тамыз күні Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен 27943 әскери бөлімінде «Ұлы даланың ұлы ақыны –Абай» атты іс – шара өткізілді. Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын насихаттау.
Іс - шараға Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының директоры
А. М. Абзалова және 27943 әскери бөлім қызметкерлері қатысты.
Шара барысында Абай туралы мәлімет беріліп, «Ұлы халықтың - ұлы Абайы» презентациясы көрсетілді. Қызметкерлер
«Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абайдың 1 өлеңін жатқа мәнерлеп оқу), «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (сұрақтарға жауап беру),
« Әнді cүйсең, менше сүй» кезеңдері бойынша сайысқа түсті. Екі мекеме атынан тұлғаларға сөз берілді.
Белсене қатысушылар Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы атынан дипломдармен марапатталды.
Шара соңы Абайдың «Көзімнің қарасы» әнімен  қорытындыланды.