2024 жылғы 9 тамыз күні Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облыстық сотында Абай күніне арналған «Ұлы даланың ұлы ақыны –Абай» атты іс - шара өткізілді.
Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын насихаттау.
Іс - шараға Қазақстан Республикасы сот әкімшілігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы О.Е.Муталяпов, ШҚ лингвистикалық орталығының директоры А. М. Абзалова және сот қызметкерлері қатысты.
Шара барысында Абай туралы мәлімет беріліп, «Ұлы халықтың - ұлы Абайы» презентациясы көрсетілді. Сот қызметкерлері
«Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абайдың 1 өлеңін жатқа мәнерлеп оқу), «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (сұрақтарға жауап беру),
« Әнді cүйсең, менше сүй» кезеңдері бойынша сайысқа түсті. Екі мекеме атынан тұлғаларға сөз берілді.
Белсене қатысушылар Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы атынан дипломдармен марапатталды.
Шара соңы Абайдың «Көзімнің қарасы» әнімен қорытындыланды.
Жаңалықтар
«Ұлы даланың ұлы ақыны –Абай» атты іс – шара
Қаралды: 75