"Тіл- рухани қазына" атты облыстық іс шара

Previous Next

2025 жылғы 5 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдері күніне орай Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е. Нұрғалиевтің қатысуымен «Тіл – рухани қазына» іс шарасы өтті.

Шарада «Абай әлемі» кітаптар, ұлттық нақыштағы кілемдер көрмесі, тақырыптық көрме, концерттік бағдарлама өткізілді.
Іс - шараға облыстың қала және аудандарындағы тілдерді дамытуға жауапты бөлім басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері, облыстық салалық басқармалар қызметкері, тіл жаңашылары, БАҚ қызметкерлері қатысты.

Шара аясында Абайдың 180 - жылдығы, Ахмет Байтұрсынұлының туған күні, Конституцияның 30- жылдығы сияқты ел үшін маңызды мерейлі даталар ерекше аталды.

Бағдарлама барысында өңірде мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға үлес қосып жүрген азаматтар "Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғысхаттарымен, облыс әкімі орынбасарының, Мәдениет басқармасы басшысының Алғысхаттарымен марапатталды.

Шараның ең қызықты бөлігі ретінде "Bizdin Oskemen" "Quiz Күш-қазақ тілінде" атты зияткерлік ойыны өтті. 40 - қа жуық команда қатысып, жүлделі І,ІІ, ІІІ орындарға сәйкесінше 300, 200, 150 мың теңге сертификаттар табысталды.
Сондай - ақ үздік ондыққа енген жеті командаға 50 мың тенгеден сертификат табыс етілді.