2025 жылғы 26 ақпан күні ШҚО мәдениет басқармасының және Лингвистикалық орталықтың ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – қоғамдық қатынаста» атты облыстық семинар өткізілді.
Семинар Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы С.Касеновтың төралығымен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мәселелері қаралып, сот, полиция, денсаулық сақтау, шекара, сауда және тұтынушылар құқығын қорғау, заң, экономика ғылымдарында тілдің даму жағдайы туралы мәліметтер берілді.
Сонымен қатар халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы ШҚО бойынша филиалы, «ШҚ Рухани ханымдар» қоғамдық бірлестігі, облыстық БАҚ өкілдері қатысты.
Семинар қорытындысы бойынша мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстар өңірде жүйелі түрде жалғасын табатын болады.