2025 жылғы 8 тамыз күні Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай оқулары» облыстық байқауы этнос жастары өкілдері арасында өткізіледі.
Байқаудың мақсаты - Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту.
Үміткерлер Абай шығармаларын, қара сөзін жатқа мәнерлеп оқу, М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзіндіні көркем шеберлікпен жатқа айту, Абай әндерін орындау бойынша сайысқа түсті.
Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша:
Бас жүлдені - Алтай ауданы, Тұрғысын ауылының тұрғыны Бондаренко Елизавета Олеговна;
1 орынды - Ұлан ауданы, М.Әуезов атындағы мектеп балабақшасының тәрбиешісі Литвина Виктория Сергеевна;
2 орынды - ҚР ҰҚК шекара қызметі ШҚО бойынша департаментінің әскери қызметшісі Егоров Арсений Владимирович;
2 орынды - Үлкен Нарын ауданы, студент Громыко Валерия Сергеевна;
3 орынды - Шемонаиха ауданы Уба шипажайы, медбике Агапитова Наталья Николаевна;
3 орынды - Катонқарағай ауданы, Коробиха ауылының тұрғыны Харитонов Дмитрий Эдуардович иеленді.
Белсене қатысқаны үшін Глубокое ауданы, фельдшер Балабина Светлана Алексеевна Алғысхатпен марапатталды.
Барлық жеңімпаздарға облыстық мәдениет басқармасы атынан дипломдар, алғысхаттар, бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Сонымен қатар мерейтойға байланысты ҚР ҰҚК шекара қызметі ШҚО бойынша департаментінің, №5518 әскери бөлімінің, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің, Шығыс ЖЭТ филиалының қызметкерлеріне алғысхаттар табыс етілді.
Жаңалықтар
«Абай оқулары» облыстық байқауы
Қаралды: 3