«Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық конкурсы

Previous Next

2024 жылғы 3 шілде күні ШҚО мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық конкурсының қорытындысы шығарылды.
Конкурс ағымдағы жылдың қаңтар- маусым айлары аралығында сырттай өткізілді. Конкурсқа кәсіби журналистер (штаттағы және штаттан тыс), теле-радио, газет, сайт ұжымдары, журналистика мамандары қатысты.
Конкурстың мақсаты:
- мемлекеттік тіл мәселесіне қоғамның назарын аударту;
- мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау;
- тіл мәселелерін жариялап жүрген журналистердің мақалалары, бағдарламалары арқылы отандастарымыздың санасын жаңғырту - қазақ тіліндегі контентті ұлғайту және мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту.
Конкурс үш номинациядан тұрды:
1) «Үздік мақала»;
2) «Үздік теле- және радиобағдарлама»;
3) «Үздік сайт мақаласы».
Қазылар алқасының шешімімен конкурс жеңімпаздары ұйымдастырушы бекіткен жүлде қоры мөлшерінде арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды:
1.Мухамадиев Талғатжан Мухаметбекұлы - Халықаралық «Казинформ» ақпарат агенттігінің ШҚО -дағы тілшісі - «Үздік сайт мақаласы»
2.Есімханов Әділхан Болатханұлы - «Менің өлкем» газетінің шығарушы редакторы - «Үздік сайт мақаласы»
3.Мухамадиева Қымбат Оралханқызы - «Менің өлкем» газеті Buqara.kz сайт тілшісі –«Үздік мақала»
4.Жақсылықова Қарақат Жақсылыққызы - редактор – жүргізуші, «Үздік теле және радио бағдарлама»
5.Мейрамтай Иманғали - тілші - «Үздік мақала»