2025 жылғы 23 қазан күні Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен «Ұлттық ономастика - Ел айнасы» атты облыстық байқауы өткізілді.
Байқауға тіл мамандары, мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Байқаудың мақсаты –қызметшілердің мемлекеттік тіл саясаты барысындағы жұмыстарын күшейту, ономастика саласына жауапты мамандардың атау беру және қайта атау жұмыстарын жетілдіру және дамыту, мемлекеттік қызметшілерді моральды және материалды тұрғыда ынталандыру.
Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені «Қазына» тобы Күршім ауданы, 1 орынды «Атамекен» тобы Зайсан ауданы, 2 орынды «Төр Алтай» тобы Катонқарағай ауданы, 3 орынды «Тамыр» тобы Самар аудандары иеленді. Алғысхаттармен «Тұғырлы Тарбағатай» тобы Тарбағатай ауданы және «Марқакөл» тобы Марқакөл ауданы марапатталды.
Баршаларыңызды келе жатқан Қазақстан Республикасы күнімен құттықтаймыз!
