Оқытушылардың Ахмет Байтұрсынұлы атындағы облыстық байқауы

Оқытушылардың Ахмет Байтұрсынұлы атындағы облыстық байқауы

2023 жылғы 15 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен ересектерге мемлекеттік тілді оқытып жүрген оқытушылар арасында облыстық байқау өткізілді.
Бұл байқаудың мақсаты - ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік еңбектерін зерделеу арқылы оның оқытуға қатысты тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану, оқытушыларының кәсіби беделі мен қоғамдағы мәртебесін арттыру, әдістемелік шеберлігін анықтау, тәжірибе алмасу арқылы оқытудың үздік тәсілдерін насихаттау болып табылады. Байқауға облыстағы тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары қатысты.
Байқау 3 кезеңнен тұрды.
1-ші кезеңде оқытушылар өзін және авторлық бағдарламасын таныстырды.
2-ші кезеңде оқыту технологиялары мен инновациялық әдіс-тәсілдерді көрсетті.
3-ші кезеңде оқытушы тіл үйренушілерге сөйлеу әрекетінің тапсырмаларын орындады.
Байқаудың қорытындысы бойынша Бас жүлдені – Риддер қаласының тілдерді оқыту орталығының директоры және оқытушысы Садықова Құралай Кәукенқызы, І-ші орынды Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының оқытушы - тренері Қайдарова Ләззат Әскербекқызы, ІІ-ші орынды - Ұлан ауданының тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Байгереева Әния Уәлиқызы, ІІІ-орынды Катонқарағай ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Карабалинова Индира Асқарқызы иеленді.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз!