Сот  қызметкерлері  арасында   «Мемлекеттік тіл - мемлекеттік  қызметте»  атты  облыстық байқау   

Previous Next
                                                    
2024 жылғы 28 мамыр күні  ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты  және Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының  арасында  жасалған  меморандум  аясында  сот жүйесінде Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023– 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру, мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік тіл саясатын  жүзеге  асыру,  мамандардың іс- жүргізудегі біліктілігі мен тәжірибесін анықтау, тіл мәдениетін одан ары  жетілдіру,  мемлекеттік тілде іс жүргізудің сапасын арттыру, қызметкерлерді моралдық және материалдық тұрғыдан көтермелеу аясында  “Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте”  облыстық  байқауы өткізілді.  
Байқауға  қатысушылар 5 кезең бойынша  тапсырмалар  орындады. Байқауға қатысушылардың білім, білік, ақыл-ой деңгейін анықтап , оларға баға беруге әділ қазылар алқасы өз  жұмысын ойдағыдай  жүргізді. 
Әділ қазылар алқасының төрағасы-Тургамбаев Толеген Тургамбаевич, ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты төрағасының м.а., Шығыс Қазақстан облысы Судьялар одағы филиалы төрағасының м. а.; Такенова-Шакиртова Асель Едилевна,  Шығыс Қазақстан облыстық соты департаментінің бөлім басшысы; 
Пшенов Әділ  Серікұлы, "Әділдік жолы" РҚБ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы;
Тәттімбек Асханұлы, «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы баспасөз қызметінің меңгерушісі;
Қызырбек  Дүргінбайұлы, «Дидар» газетінің  тілшісі,  журналист- ақын,  ҚР Жазушылар одағының  мүшесі.
Сот  қызметкерлерінен  құрылған топтар  4 команда  2-3 адамнан Бас  жүлде – Бірлік  тобы - Өскемен қалалық соты; 
1- ші  орын – «Мұрагер»  тобы– ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты, ШҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соты, 2-ші орын –«Ана  тілі»  тобы - аудандық соттар (Шемонаиха аудандық соты, Ұлан аудандық соты), 3 -ші  орын «Алқабилер» тобы – ШҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты, Өскемен қаласының №2 соты орындарға  ие  болды. Сонымен қатар  Өскемен қалалық сотының  қызметкері  Далелхан  Әсел  Аманханқызы  «Өнерлі  қызметкер» номинациясымен марапатталды. 
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы  алғысхаттармен және  сыйлықтармен марапатталды.