Областной конкурс «Тіл шебері»

Previous Next

2024 жылғы 17 мамыр күні Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының және Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен «Тіл шебері» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға облыстың әр қала, аудандарынан үш тілді жетік меңгерген қызметкерлер қатысты. Байқаудың мақсаты - үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды анықтау және қолдау, тіл мәдениетін көтеру.
Байқау кезеңдері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілді.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталды. Бас жүлдені - Нугманов Абзал Орынбасарович ҚРҰҚК ШҚ ШҚО бойынша департаментінің басқарма офицері, І- орынды Биханов Назымбек Серикович ҚР ҰҚК ШҚ ШҚО бойынша департаментінің ТИКЖ басқармасы кадрлар бөлімінің консультанты, ІІ- орынды Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің қызметкері Ауесхан Даулетберди және Самар ауданының Достық үйінің директоры Манкей Нұрболат, ІІІ орынды - Зайсан ауданы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығының маманы Бикадамова Мадина Канатовна иеленді. Байқау жеңімпаздары және белсене қатысушылары басқарма басшысының атынан арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және бағалы, ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Шығыс Қазақстан облысының
мәдениет басқармасының
Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы