Тіл шебері – 2025 облыстық байқауы

Previous Next

2025 жылғы 25 сәуірде ШҚО мәдениет басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен «Тіл шебері-2025» облыстық байқауы өткізілді.
Мақсаты -үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарға қолдау көрсету. Қазылар алқасының шешімі бойынша Бас жүлде- Жанибеков Мадияр Жанибекович Ұлан ауданының сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөлімінің бас маманы, 1 - орын Нұрлыбекұлы Жігер Самар ауылдық округінің бас маманы, 2- орын Оралбаев Ерболсын Серікұлы Алтай ауданы, Прибрежный кенті әкімдігінің бас маманы, 3 орынды - Оралбекова Ақмарал Оралбекқызы Зайсан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің іс қағаздарын жүргізушісі, Қорғау Айғаным Мұратбекқызы Тарғабатай ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы иеленді. Барлық жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.