2024 жылғы 4 мамыр күні Глубокое кенті «Абай» атындағы Мәдениет үйінде Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының бастамасымен және Глубокое ауданының тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен "Мемлекеттік тілді оқыту үрдісіндегі заманауи технологиялардың тиімділігі" тақырыбында ересектерді мемлекеттік тілде оқытуда айтылым дағдысын жетілдіру бойынша әдіс-тәсілдерімен тәжірибе алмасу мақсатында облыстық семинар өтті. Семинарды кіріспе сөзбен Глубокое аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.Дәрменқұлов ашты. Сонымен қатар, аталған семинарға Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының директоры А.Абзалова қатысты. Семинар барысында облыстық, қалалық, аудандық тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары айтылым дағдысы бойынша сабақ үлгілерін көрсетіп, өзара тәжірибе- пікірлерімен алмасты.
А.Жүнісқан Алтай қаласының тілдерді оқыту орталығының оқытушысы «Қазақ тілі сабақтарында айтылым дағдысын дамытуға арналған оқытудың интерактивті әдістерін қолдану» А1 деңгей;
А.К.Сулейменова Катонқарағай ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының басшысы «Айтылым дағдысын дамытуға болатын әдістер» В1,В2 деңгей;
Б.Елсінбек Ұлан ауданының тілдерді оқыту орталығының оқытушысы «Айтылым дағдысының белсенді стратегияларын дамыту әдістері» А1 деңгей;
Л.Т.Иксанова Шемонаиха ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының оқытушысы «Қазақ тілін үйретуде айтылым стратегияларын тиімді қолдану жолдары». А1 деңгей;
Г.М.Мырзагулова Глубокое ауданының тілдерді оқыту орталығының оқытушысы «Сабақ барысында айтылым дағдысын қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер».
Шығыс Қазақстан лингвисткалық орталығының оқытушы - тренері Л.Кайдарова «Ұлтқа қызмет ету - білімнен емес, мінезден» атты В2 деңгейіне арналған сабағын көрсетіп, іс тәжірибесімен бөлісті.
Семинар соңында Глубокое аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.Дәрменқұлов қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етті.Тілдерді оқыту орталығының директоры Ж.Идрышева Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы атынан Алғысхатпен марапатталды.
Жаңалықтар
"Мемлекеттік тілді оқыту үрдісіндегі заманауи технологиялардың тиімділігі" атты облыстық семинар
Қаралды: 562