«ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТИІМДІ ӘДІС - ТӘСІЛДЕР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР

Previous Next

2024 жылғы 20 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен облыстық семинар өткізілді. Семинарға Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының тілдерді дамыту және тарихи- мәдени мұра бөлімінің басшысы Казимова Гүлжан Ахметбекқызы, бас маманы Найманбаева Алмагүл Серікқызы, орталық директоры Абзалова Әсемгүл Мәдениетқызы қала, аудандардағы тілдерді оқыту орталықтарының директорлары, оқытушылары, әдіскерлері қатысты. Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы директорының орынбасары Райхан Ырысты Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында облыстағы тілдерді оқыту орталықтарында жыл көлемінде өткізілген облыстық семинарлар туралы есеп берді. Орталық оқытушылары келесі тақырыптарда шеберлік сыныптарын көрсетті.
“Мемлекеттік тілді оқыту үрдісінде цифрлық платформаларды қолдану ”;
“Ересектерді оқытуда AR студиосының артықшылығы”;
“Мемлекеттік тілді оқытуда LearningApps платформасын қолдану тиімділігі”;
“Мемлекеттік тілді оқытуда PIickers платформасының мүмкіндігі”;
“ Ағылшын тілін үйретуде Liveworksheets платформасының қолдану тәсілдері”. Семинар соңында Риддер қаласының және Самар ауданының тілдірді оқыту орталықтарының директорлары мемлекеттік тілді оқыту және дамыту саласына қосқан үлестері үшін алғысхатпен марапатталды.