2025 жылғы 28 қараша күні Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен «Ересектерге заманауи білім берудегі оқытушылардың кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігі» атты облыстық семинар өткізілді.
Аталған семинарға облыстық мәдениет басқармасының басшысы С.Касенов, қала, аудандардағы тілдерді оқыту орталықтарының қызметкерлері, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ оқытушылары, студенттері, С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері қатысты.
Қоғамның қарқынды дамуы, еңбек нарығындағы жаңа талаптар мен цифрлық трансформация ересектерге білім беру жүйесінің рөлін айрықша күшейтіп отыр.
Басқосудың негізгі мақсаты – осы бағыттағы үздік тәжірибемен бөлісу, жаңа әдістемелерді талқылау, білім алушылардың сұранысына лайық тиімді шешімдер ұсыну.
Семинар жұмысында орталық оқытушыларымен
«Ересектерге заманауи білім берудегі оқытушылардың кәсіби шеберлігі мен құзіреттілігі» атты баяндама, «Feiki ai нейрожелісін сабақ барысында қолданудың тиімділігі» шеберлік cағаты, «Қазақ тілі сабағында ЖИ қолданудың тиімділігі» шеберлік сағаты, «Тілді үйретудегі Curipod платформасының тиімділігі» шеберлік сағаты, «Ағылшын тілін үйретуде жасанды интеллект Magic School. ai мүмкіндіктері» шеберлік сағаты көрсетілді.
Аталған іс -шара пікір алмасуға, кәсіби қолдау мен ынтымақтастықты нығайтуға, жаңа идеяларды іске асыруға жол ашатын болады.
