"Мемлекеттік тілді оқытудағы заманауи әдіс - тәсілдер" атты облыстық семинар

Previous Next

2024 жылғы 15 қараша күні Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының бастамасымен және Шемонаиха ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен "Мемлекеттік тілді оқытудағы заманауи әдіс - тәсілдер» атты облыстық семинар өткізілді. Іс - шараға Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Р.Руспаев, ШҚ лингвистикалық орталығының директоры А.Абзалова, орталық оқытушылары, Большенарым, Глубокое, Катон-қарағай, Самар аудандарының тілдерді оқыту орталықтарының директорлары мен оқытушылары қатысты. Семинарда оқытудың әдіс - тәсілдері, жасанды интеллект бойынша шеберлік сыныптар көрсетілді. Соңында семинарға қатысушыларға сертификаттар және орталық атынан алғысхаттар табыс етілді. Сонымен қатар Шемонаиха тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасалды.