28 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Алтай қаласының Мәдениет үйінде семинар өткізілді. Аталған семинарға қала, аудандағы тіл бөлімдерінің басшылары, мамандары қатысты. Семинарды
Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары
Қасенов Самат Берікболұлы ашты.
Алтай ауданы әкімінің орынбасары
Асқарова Жанна Асқарқызы құттықтау сөз сөйледі.
Күн тәртібі бойынша келесі баяндамалар тыңдалды.
«ШҚО солтүстік аудандарындағы кірме топонимдерді ауыстыру мәселелері»
Бияров Бердібек Нұралдаұлы - С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты
«Шығыс Қазақстанның тарихи топонимдері»
Калимолдина Жанетта Амангелдықызы тарихшы - ғалым, Шығыс Қазақстан Университетінің тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелері жөніндегі бөлім жетекшісі
«Алтай ауданында ономастика саласында атқарылған жұмыстар туралы»
Бутабаева Гүлнар Мұхаметқалиқызы – Алтай ауданы әкімі аппаратының бас маманы «Риддер қаласында ономастика саласында атқарылған жұмыстар туралы»
Есимбаева Эльмира Маратовна- Риддер қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы
«Өскемен қаласы бойынша ономастика саласындағы ілгерілеушілік, проблемалар және шешу жолдары туралы»
Әскерханова Айым Асылқызы - Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту секторының бас маманы
«Глубокое ауданында ономастика саласында атқарылған жұмыстар туралы»
Даркенова Гүлназ Обегенқызы- Глубокое ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.
Семинар соңында пікір алмасу, қорытынды жасалды.
Жаңалықтар
«ОНОМАСТИКА – МЕМЛЕКЕТТІК ИДЕОЛОГИЯНЫҢ БІР ТІРЕГІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ КӨШПЕЛІ СЕМИНАР
Қаралды: 284