«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҮЙРЕТУ-ЗАМАНАУИ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»

Previous Next

Мемлекеттік тілді оқытатын оқытушыларға арналған облыстық семинар-тренинг

2023 жылғы 29 қараша күні Риддер қаласының тілдерді оқыту орталығының базасында Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы және Риддер қаласының тілдерді оқыту орталығының 2023 жылғы 25 мамырда жасалған Меморандум аясында «Мемлекеттік тілді үйрету – заманауи әдіс - тәсілдер мен инновациялық технологиялар» атты мемлекеттік тілді оқытатын оқытушыларға арналған облыстық семинар-тренинг өткізілді.
Семинар - тренингке облыстың 8 тілдерді оқыту орталықтарынан директорлар, әдіскерлер, оқытушылар қатысты.
Іс- шара мақсаты: мемлекеттік тілді оқытып-үйрету курстарын кеңейту және оны оқытудың жаңа технологияларын тәжірибеге енгізу. Мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту мақсаты –үйренушілердің кәсіби салада, өндіріс орындарында, ғылыми ортада қазақша сауатты сөйлеу әдебі мен мәдениетінің деңгейін жетілдіруге бағытталған.
Семинар -тренингте әдіскерлер, оқытушылар мемлекеттік тілді оқытудағы заманауи әдіс- тәсілдер мен инновациялық технологиялар бойынша озық тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында қатысушыларға орталық атынан сертификаттар табыс  етілді.